16.07.2014
Сонымен, Қазғарыш басшысы жұмыс сапары аясында Ұлыбританияның ғарыш агенттігінің басшысы Дэвид Паркермен, «Академик М.Ф. Решетнёв атындағы ақпараттық жерсеріктік жүйе» ААҚ-ның бас директоры Николай Тестоедовпен кездесті. Онда тараптар ғарыштық аппараттарды жасақтаудағы ынтымақтастық болашағын талқылады.
ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінен хабарлағандай, Farnborough Airshow – 2014 халықаралық авиашоу барысында «Суховтың азаматтық ұшақтары» ЖАҚ мен «BEK AIR» қазақстандық авиакомпания өзара келісімге отырды.
Келісім аясында «BEK AIR» жеті Sukhoi Superjet 100 ұшақтарын жеткізу қарастырылған және SSJ100 ұшақтары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың авиациалық нарығына жол ашылады.