11.07.2014
Байқауды ұйымдастырушылар - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ).
«ТДҰА» АҚ басқарушы директоры Маратов Серік Байқауға қатысу шарттары, іріктеу кезеңдері мен негізгі жүзеге асырылу тетіктері туралы айтты. Оның айтуынша, осы жылы өтінішті тапсыру механизмі оңтайландырылды.
«Кез-келген адам өз өтініштерін онлайн тәртібінде Байқаудың nifk.kz сайтына беріп, кеңес ала алады. Сонымен қатар, инноватор жиналыс аяғында да тапсыра алады» - деді С.Маратов.
Конкурсты кең көлемде ақпараттандыру мақсатында, іс-шара барысында облыстың 20-дан астам үздік инновациялық жобалар бастамашылардың қатысуымен «Инновациялық идеялар шоу-рум» көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, шара барысында облыстағы ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлері үшін «Кәсіпкерлікті жүргізу негіздері» тақырыбына бизнес-тренинг өкізілді.