• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Шамамен 170 жоба KazINNO IT байқауының финалды іріктеуіне қатысады 10.07.2014

«ТРҰА» АҚ хабарлауынша, байқауға қатысуға мына бағыттар бойынша 169 жоба жіберілген: SaaS (қызмет ретінде бағдарламалық қамтамасыз ету), Cloud Infrastructure (бұлтты есептеу), Data Storage (мәліметтерді сақтау),  Data Analysis (мәліметтер сараптамасы), Social Networking Solutions (әлеуметтік желілердегі қызмет), Games (ойындар), e-Commerce Solutions (электронды коммерция саласындағы шешімдер), Everyday Services (күнделікті қызметтер), Mobile Solutions& Applications (мобильді телефондарға арналған шешімдер мен қосымшалар) және басқалары.

4 күн ішінде байқау қатысушыларын маркетинг пен тауар/қызметті ілгерілету, көпшілік таныстырылым қабіеттері, технологиялық бизнесті бастау мен жүргізу, сонымен қатар зияткерлік меншікті басқару бойынша шеберлік сыныптары күтіп тұр.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар әлемдегі ең үздік аксеераторлардың бірінде (Израиль, АҚШ, Норвегия) тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Тәжірибеден өту барысында командалар тәжірибелі мамандармен байланыс құрып, өздерінің жобаларын таныстырып, пікір алмасуына жағдай жасалады. Сонымен қатар олардың жобаларының шет елдік әлеуетті инвесторлар тарапынан қызығушылық тудыруға да жол ашылмақ. 


Back to the list