• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
АӨК, фармацевтика және биотехнология саласындағы KazINNO жеңімпаздары жарияланды 01.07.2014

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Техникалық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ мен Қазақстанның жас кәсіпкерлер клубының ұйымдастыруымен өткен байқаудың ақтық сынында ең үздік 10 жоба шығарылды.

«Даму» КҚҚ ресми порталының хабарлауынша, биотехнология саласындағы байқаудың жеңімпазы ретінде энтомапатогенді микроорганизмдердің негізінде биопрепараттарды өндіруді ұйымдастыру бойынша Сержан Аманов танылды. Аталмыш жоба ауыл шаруашылығын зиянкестерден қорғауға мүмкіндік беріп, сонымен қатар арзан және экологиялық таза у химикаттарының баламасын шығаруға жол ашады.

Ал Айдар Мадияровтың жануарларды бордақылау үшін қолданылатын жоғарғы  тиімділікке ие  жем-шөп қоспасы өндірісі жобасы байқауда үздік деп танылды. Жаңа бордақылау қоспасының тиімділігі полисахаридті пайдалану есебінен алынады. Олар Қазақстанның Солтүстік және Орталық өңірлерінде өсетін көпжылдық өсімдіктерден алынады.

Байқаудың үшінші ақтық сын иегері Айтбек Кәкімовтың жобасы танылды. Ол радиопротекторлық қасиетке ие сүт өнімдері жобасы. Жоба экологиялық ластанған аудандардағы ауыр металл мен радиация зардаптарынан шикізаттық сүтті сақтауға арналған.

Байқау жеңімпаздарын әлемдегі ең үздік акселераторлардың бірінде (Израиль, АҚШ) тәжірибеден өту күтіп тұр. Олар ол жерде өз жобаларын үздік мамандардың жетекшілігімен жетілдіріп, шетелдік әріптестермен жан-жақты байланыс құра алады. Сонымен қатар, әлеуетті шетелдік инвесторларға өз жобаларын ұсына алмақ.

Естеріңізге сала кетейік, байқау аясында республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден астам өтініш тіркелген. Қазақстандық және шетелдік мамандардан тұратын қазылар үш апта ішінде ең үздік деген жобаларды іріктеп шығарды. 


Back to the list