27.06.2014
Қазғарышта хабарлағандай, конференцияның жұмысына Қазақстанның ресми тұлғалары, шетел ұлттық ғарыш агенттіктерінің және Ресей, Украина, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Голландия, Румыния елдерінің жетекші ғарыштық компаниялардың басшылары, ғалымдар, сарапшылар, отандық ғарыш саласының өкілдері мен қоғамдық қайраткерлері қатысатын болады.
127 тәулікке созылған бұл ғарышқа ұшуы Қазақстанның әрбір азамытна ерекше елеулі: Талғат Мұсабаев ашық кеңістікте шыққан қазақ ұлтының алғашқы өкілі атанды, еліміздің ғарыш зерттеулері мен тәжірибелердің екінші ғылыми бағдарламасы орындалды, адамзат тарихында алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның туы, мұсылман жамағатының киелі «Құран» кітабы, қазақ елінің біруыс топырағы ғарышқа көтерілді.
Құрметті қонақтары ретінде Т.Мұсабаевпен ғарыш сапарларында бірге болған экипаж мүшелері – Юрий Маленченко, Юрий Батурин, алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, ресейлік Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығының жетекшісі, ғарышкер Юрий Лончаков, КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері Анатолий Арцебарский шақырылды.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы жетістіктері, оның даму перспективалары, Қазақстанның ғарыш қызметіндегі халықаралық ынтымақтастығы, шетел ғалымдары және шетелдік ұйымдары мен компаниялары өкілдерінің тәжірибесімен, ғылыми жетістіктерімен алмасуы туралы кеңейтілген талқылауы өтеді.