• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда «Интерактивті карта» жобасы іске қосылды 23.06.2014

Аталмыш карта 2013 жылдың 27-інші қарашасындағы ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» ММ мен «Қазмырыш» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында құрылды.  Ондағы мақсат онлайн режимде бос және бос емес келісімшарт аймақтары туралы ақпарат беру мен елдің геологиялық саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру.  

Бұл нұсқада қатты пайдалы қазбалар бойынша барлау және өндіру келісімшарттарының жұмыстары  көрсетіледі. Әрбір қатысушы бойынша жекелеген мәліметтер енгізіледі. Онда келісімшарт номері, қызмет түрі, пайдалы қазбалар түрі, жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер мен оның деректемесі көрсетіледі.  

Айта кету керек, қанатқақты жоба бар болғаны жұмыстың басы ғана. Интерактивті карта алдағы уақытта кезек-кезеңімен толтырылып, Қазақстанның барлық аумақтары бойынша мәліметтер енгізіледі. 


Back to the list