• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда метанды игеру бойынша халықаралық форум өтті 20.06.2014

Өзінің кіріспе сөзінде облыс басшысы Бауыржан Әбдішев форумда талқыланып жатқан мәселенің маңыздылығына тоқталды.

«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қарағанды облысында көмір қыртысынан метанды өндірістік пайдалану мен барлау жобаларын іске асыру жұмыстары басталды. Менің пікірімше, бүгінгі форум аталмыш жобаны іске асыруға септігін тигізіп, жаһандық мәселелердің шешімін табуға жол ашады», - дейді әкім.

Айта кету керек, аталмыш форумның Қарағандыда өткізіліп отырғаны тегін емес. Алдын ала болжамдар бойынша, Қарағанды бассейні көмір қыртысының метан ресурсы шамамен 900 млрд текше метрді құрайды. Бұл барлық республиканың 85%-ы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында өңірде экономиканың басым секторлары мен қабылданып жатқан технологияларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде елді газбен қамтамасыз етудің баламалы нұсқаларын зерттеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 


Back to the list