17.06.2014
«KazEOSat-2» Британияның Surrey Satellite Technology Limited (SSTL) компаниясымен жасалған. Ол Қазғарыштың ведомстволық кәсіпорны «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның тапсырысымен ірі француз Airbus Defence and Space концернінің құрамына кіреді.
Жерді қашықтықтан бақылаудың қазақстандық жер серігі Гилфорд қаласынан Ресейдің Орынбор облысындағы «Ясный» ұшыру базасына 2014 жылғы мамыр айының ортасында жеткізілді.
«KazEOSat-2» - жерді орташа кеңістіктен 6,5 метрден бес мультиспектралды каналдан бақылауға мүмкіндік беретін ғарыш аппараты. Жер серігінің салмағы - 180 кг, орбитадағы қызмет ету мерзімі - 7 жыл.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, апаратты ғарышқа жеткізетін «Днепр» зымыран-тасығышының «Ясный» ұшыру базасынан ұшырылуы биылғы маусым айының 19-нан 20-на қараған түнге жоспарланған.