10.06.2014
«Біз жыл сайын электр энергиясы, электр үнемдеу мен «жасыл» технологиялар жобаларын қосқанда жүздеген жаңа инновациялық кәсіпкерліктер ашамыз. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғаш болып «жасыл экономиканы» дамыту стратегиясын қабылдады. Мұнай-газ шикізаты, химия саласы, агроөнеркәсіп, автокөлік пен авиақұрастыру, тепловоз бен вагондар өндірісі, электроника мен өзге де салаларды терең өңдеудің инновациялық клакстерлері дамып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан Орта Азиядағы ең қуатты экономикаға ие. Біздің экономика көрсеткішіміз көршілерімізді екі орап алады», - дейді Президент.