• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазғарыш: KazEOSat спутнигі штаттық режимде жұмыс  істеуде 05.06.2014

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожиннің хабарлауынша, спутник штаттық режимде жұмыс атқаруда.

Ұшырудан кейінгі үшінші күні KazEOSat-1 ғарыштан алғашқы сапасы жоғары сүреттерді берді.

Естеріңізге салайық, ЖҚЗ алғашқы қазақстандық спутнигінің кеңістіктегі жоғары дәлдігі - 1 метр, қамтылуы -  20 км, спутниктің өнімділігі - 220 мың шаршы км (тәулік ішінде), орбитада жұмыс істеу мерзімі - 7 жылдан кем емес, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта ЖҚЗ ғарыш аппаратының орбитадағы сынаулары жалғасуда. Біздің мамандарымыз француз әріптестерімен бірлесіп спутникті тәулік бойы бақылайды, сондай-ақ оның шекті мүмкіндіктерін анықтау мақсатында максималды жүктемелерін жасайды», - деді М. Нұрғожин.

Жоспарлы жұмыстарға сәйкес, ғарыш аппаратының орбиталық тесттік сынаулар жаздың соңына дейін жалғасатын болады, содан кейін спутник тапсырыс берушіге, яғни «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның бақылауына өтеді.


Back to the list