• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕҰУ-нің  Инновациялық паркі мен Қызылорда облысы ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қоймақ 22.05.2014

Меморандумның негізгі мақсаты энергетика саласында бірлесіп жұмыс істеу, электрэнергетика бойынша жобаларды ұйымдастырып, бірлесіп жүзеге асыру және осы саладағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға күш салу, деп университеттен хабарлады.

«Қызылорда облысы мен ЕҰУ серіктестігі өндірістегі ғылым интеграциясының жан-жақты дамуға септігін тигізетіндіктің және мемлекетімізді өмір сүрудің жаңа сапа деңгейіне көтеретіндігінің жарқын үлгісі», - делінген хабарламада.

Өзара ынтымақтастықтың негізгі принциптеріне жаңғырту, техникалық қайта қаруландыру,Қызылорданың ЖЭС кеңейту аспектілері енгізілген.

Бүгінгі таңда жұмыс тобы құрылып, жауаптылар белгіленуде. Естеріңізге сала кетейік, ЕҰУ Инновациялық паркі Қызылорда облысының индустриалды-инновациалық даму стратегиясын жасақтағандардың бірі.


Back to the list