• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Біз үздік тәжірибелерімізбен бөлісуге дайынбыз  - Э.Раннала 20.05.2014

Э. Раннала Астанада өткен  ASTEX көрме-конференциясының нәтижесін тілге тиек етті.

«Бүгінгі таңда қабылданып жатқан шаралар және бүкіл әлемде жүріп жатқан экспорттың арқысында біз өзіміздің үздік тәжірибелерімізбен бөлісе аламыз деп ойлаймын (автордың айтуынша IT-бағытында)», - деп Эрик Раннала ағынан жарылды.

Айта кетерлік жайт, Бүгінде БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту рейтингісі бойынша  Қазақстан 190 мемлекеттің ішінен 38-інші орында тұр.

«Мен осы жерде көріп отырған әдістерден, болашақта бірлесіп жұмыс істейтін компаниялардан, кәсіпкерлерден және Үкіметтен үлкен әсер алып отырмын. Біз олармен бірге экономиканы алға сүйрелейтін боламыз», - деді Э. Раннала.

Естеріңізге сала кетейік, ASTEX осымен екінші жыл қатарынан Қазақстанда Астаналық экономикалық форум аясында өткізілуде және ол ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпарат алмасу алаңы болып табылады.

Мадина Нұрбекова 


Back to the list