20.05.2014
Ағымдағы аптады ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев ү.ж. 20-25 мамыр аралығында Берлин қаласында (Германия) өтетін «ILA – 2014» Халықаралық авиациялық-ғарыштық салонның жұмысына қатысатын болады, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.
ILA Berlin AIR Show әлемдегі ең ежелгі және ірі авиағарыштық көрмелердің бірі екенін, сондай-ақ келіссөздерді жүргізу үшін қолайлы алаңы болып табылатынын ескере отырып, Қазғарыш төрағасының ғарыш агенттіктері және шетел компаниялар басшылығымен бірқатар кездесулері жоспарланды.
Нақты айтқанда, Ресей Федералды ғарыш агенттігі, Украинаның Мемлекеттік ғарыш агенттігі, Герман аэроғарыштық орталығы (DLR), АҚШ Ұлттық аэроғарыштық агенттігі (NASA), сонымен қатар «Airbus Defence and Space», «OHB Systems» және «Космотрас» компаниялардың басшылығымен түрлі жүзеге асырылып жатқан және перспективті жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелерді талқылау мақсатында кездесулер өткізілетін болады.