12.05.2014
Өз хатында «Южное» КБ» МК басшысы соңғы жылдары Қазақстан ұлттық ғарыш саланы дамыту жолында елеулі қадам жасағанын атап өтті, деп Қазғарышта хабарлады.
«Жүзеге асырылып жатқан ғарыштық жобалар әлемдік алаңында Қазақстан Республикасын болашақта ғарыш аппараттарын құру және пайдалы жүктемені шығарудың ұлттық құралдары арқылы өз аумағынан ұшыру үдерісінің толық кезеңін қамтамасыз ете алатын жедел дамып жатқан ғарыштық мемлекеті ретінде танытуға негіз салды», - деп жазылған хат мәтінінде.
А.В. Дегтяревтің айтуынша, ол украиндық кәсіпорнының «KazEOSat-1» ұшырылуына қатыстылығы бар екеніне қуануда. Мәселен, «Южное» КБ» МК ЖҚЗ қазақстандық спутнигін орбитаға шығарған «Вега» ЗТ-нің төртінші сатысы үшін марш қозғалтқышын бірлескен құрастыру жұмысына қатысты.