• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Болашақ» бағдарламасының ғарыштық мамандығы бойынша шетелде 23 студент білім алуда (ФОТО) 05.05.2014

«Қазақстанның ғарыштық саласын жетілдіру үшін ол кадрлық сүйемелдеу қажет. Оның саны  мен сапасы да жоғары болуы тиіс. Бұл орайда Қазғарыш ғарыштық салада мамандарды дайындау бойынша бірнеше бағытты қамтып жұмыс жасауда», - деді Т. Мұсабаев.

Оның айтуынша, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-да ғарыштық мамандық бойынша студенттер білім алуда. Атап айтар болсақ, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Канадада білім алуда.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ақпараты бойынша, қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының ғарыштық мамандықтары бойынша  23 адам шетелде оқуда. Олар мына бағыттар бойынша жүзеге асуда: жобалау, құрастыру, ғарыштық техника мен технологияны өндіру және қолданысқа беру», - деді ол. 

Мадина Нұрбекова


Back to the list