• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 2015 жылы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені құрылады – Т.Мұсабаев 05.05.2014

«ҒА ҚСК жобасын іске асырудың нәтижесінде жобалау, ғарыш аппараттарын, ғарыш техникасы мен ғарыш аппараттарының бөлшектерін кешенді дайындау, құрастыру мен сынауға арналған жоғарғы технологиялық кәсіпкерліктер құрылады», - дейді Т.Мұсабаев.  

Оның айтуынша, кәсіпкерлік құру идеясынан бастап оны нақты жұмыстың жобасы ретінде іске асыруға дейінгі түрлі ғарыштық жұмыстарды атқарады.

«Құрылып жатқан ҒА ҚСК-де төмендегі ғарыш аппараттарын жобалау, құрастыру мен сынау жұмыстары жүргізіледі: ғарыш байланыстары, ғарыштан Жерді қашықтықтан басқару (оптикалық және радиолокациялы)  ғылыми-техникалық спутниктер», - дейді ол.  

Сонымен қатар, ҒА ҚСК басқа кешен құрамына тәжірибелі өндіріспен арнайы ғарыштық техника құрастыру-техникалық бюросы кіргізіледі.

«Аталмыш жоба Қазғарыш тарапынан стратегиялық әріптесі - «Airbus Defence and Space» француз компаниясымен бірлесіп атқарылады», - дейді ол.

Оның пайдалануға берілу уақыты 2015 жылға белгіленген. 


Back to the list