• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Шапағат-2014» өнертапқыштар  байқауына 250-ден астам өтініш түсті 21.04.2014

Конкурстық комиссияның отырысы 2014 жылдың 22  мен 23 сәуірінде өтеді.

Конкурстық комиссияның отырысында түпнұсқалықтың, бәсекеге жарамдылықтың, жоғары техникалық дәреженің, пайдалану кезінде табыстылықтың және әлеуметтік маңыздың критерияларына жауап беретін өнертабыстар іріктеледі және келесі номинациялар бойынша анықталады, «Жылдың үздік өнертабысы», «Үздік өнертапқыш әйел – бір марапат», «Ең жас өнертапқыш – бір марапат», «Ең белсенді өнертапқыш – бір марапат», «Жас дарын – бір марапат» номинациялары бойынша өтеді.

Аталған номинациялардан басқа осы жылы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Дүниежүзілік өнертапқыштар әйелдер мен кәсіпкерлер қауымдастығының, Еуразиялық патенттік ұйымының номинациялары және марапаттары беріледі.

Конкурстың жеңімпаздарын Конкурстық комиссия анықтайды. Конкурстық комиссия белгілі ғалымдардан, қоғам қайраткерлерден, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылады.

Айта кетейік, конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік рөлін арттыру, өнертапқыштық қызметті көпшілікке түсіндіру, өнертапқыштықты және инновацияларды дамуға жәрдемдесу, өнертапқыштық және инновациялық салаға инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, перспективалық зерттемелерді өндірістік секторға енгізу.


Back to the list