09.04.2014
«ҚР Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауы маған қатты әсер етті. Ол Президенттің қойған тапсырмаларының ұзақмерзімділігі мен мінсіздігіне қатысты пікір білдіруіме түрткі болды. Атап айтатын болсақ, мен үшін Жолдауда бірнеше рет айтылған ғылым саласы ерекше әсер қалдырды», - деп Әділ Сұранчин ағынан жарылды.
Оның айтуынша, дүниежүзілік теңізден алыс орналасқан мемлекет ретінде Қазақстан осындай бәсекеге түсерлік қабілеттен айырылып отыр. Мұндай басымдықтарға теңізге шығуға мүмкіндігі бар мемлекеттер ие және олар теңіз арқылы ең арзан жүк тасымалымен айналысады. Ал, жүк тасымалының бізде бұл түрінің болмауы экспортты қымбаттатуға алып келеді. Сондықтанда экспортталатын тауарлар жоғары сапалы қайта өңдеуден өткен және қосымша қосылған құн өзін - өзі ақтап, шетелдік нарықта бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сол себепті экономиканың жоғарытехнологиялы саласын қаржыландыруға шығындану барысында басымдық берілген жөн.
«Ғылым мен жоғары білікті адам капиталын дамыту логистикаға еш қатысы жоқ және оның дамуы оған еш тәуелді емес қызмет көрсету саласының дамуына оң әсер етуде. Мысал ретінде жоғары рентабельді және капиталды қажетсінбейтін (өндіріспен салыстырғанда) қызмет түрлері - консалтинг, жобалау, дизайн, басқару, маркетинг, аудит және тағы басқаларды айтуға болады (консалтинг бизнестің барлық саласында бар). Сонымен қатар, киноиндустрия, бағдарламалық қамтамасыз ету нарығы мен әлеуметтік желілерді қоса алсақ болады. Менің ойымша қызмет көрсету саласына ден қою ол тұрарлықтай сала, себебі ол өзінің мобильділігі мен өте төмен капиталды қажетсінетініне байланысты еліміздің экономикасының дамуына өз үлесін қоса алады. Оның үстіне бұл салаға геолокация артылмаған және ол нарықтың барлық қатысушыларымен тең дәрежеде бәсекеге түседі», - деп болашақтық атап өтті.
Ә. Сұранчинның есептеуінше, ғылымға қолдау көрсету шикізатты экономикадан шикізатсыз экономикаға ауысуда көпір болмақ.
«Сонымен қатар, бұл мақсатта 20 жыл қатарынан «Болашақ» бағдарламасы өсіріп келген жоғарыбілікті адам капиталы туралы айтпай кету мүмкін емес және бұл үшін Елбасымызға үлкен алғыс айтамын», - деді ол сөз соңында.