16.10.2017
Оңтүстік Кореяның New Force компаниясы Ұйғыр ауданы аумағында күн электр станцияларын салуға ниет білдірді.
Облыс әкімдігінде болашақ электр станциясын орналастыру үшін 300 гектар бөлу жоспарланып отырғаны атап өтілді. Алғашқы 8 ай ішінде күн батареялары 30 мВт бөлетін болады, станция толық қуаттылығына 2 жылдан кейін шығатын болады. Ауданда 70-ке жуық жұмыс орны ашылады.
«Инвестициялар тарту жөніндегі бірқатар іс-шаралардан кейін ұқсас жасыл технологияларды "Қорғас" ХШЫО аумағында да енгізу жоспарланып отыр. Болашақта Қазақстан мен Оңтүстік Корея кәсіпкерлерінің іскерлік кеңесін құруды да ойластырып жатырмыз», - деді Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қанат Қабдиев.
Бұдан бөлек, инвестициялар тарту және инвесторлармен тиімді жұмыс жүргізу мақсатында "Қорғас" ХШЫҰ" АҚ инвестициялық комитетіне палата өкілі енгізілетін болады.