• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысында инвесторларды сүйемелдеу бойынша жаңа әдістер әзірленді 09.10.2017

Отырысқа «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының, мемлекеттік мекемелер мен бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысты.

«Еліміздің инвестициялық саясатының негізі - ол инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау. Осы бағытта үкіметтік және жергілікті деңгейлерде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр», - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Облыс әкімдігі  хабарлағандай,  аймақтағы инвесторларды сүйемелдеу бойынша жаңа әдістер туралы облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров айтып берді. 

Басты қағида инвесторларды барлық уақытта, яғни кездесу, келіссөздерді ұйымдастырудан бастап жобаны пайдаға енгізуге дейін қолдау.

Инвестиция алдындағы және постинвестициялық сүйемелдеу қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа әдісте даму келешегі мен тренді үшін талдамалы жұмыстар қамтылған. Әрбір инвестициялық жоба бойынша нөлдік кезеңнен бастап жобаны іске асыруға дейін Жол картасын әзірлеу жоспарлануда.

«Жобаларды жүзеге асыру бойынша оның қай кезеңде және қандай мәселелері барлығын анықтау үшін кезекпен мониторингтер жүргізілетін болады. Бастысы - жобаларды құрылымдау. Әрбір инвесторға жеке өкіл беріледі, ол оны барлық кезеңде сүйемелдеп отырады», - дейді Алмас Айдаров.

Бұл жерде бір терезе принципі басты рөлді атқарады. Постинвестициялық сүйемелдеуге визалық және көші-қон мәселелерін шешу тапсырылады, себебі бүгінде инвесторлар оған көп уақыттарын кетіреді.

Баяндамашы тауашалы жобаларды рәсімдеу жұмыстарына тоқталды.

«Басым салаларда: металлургия, машина жасау, химия, АӨК және басқаларда - бізде 70 жуық инвестициялық ұсыныстар бар. Біз оларды аймақтық деңгейде құрылымдадық. Олар бастапқы түрде дайын - кейбірінде ТЭН (техникалық-экономикалық негіздер) және ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттар) бар.Қазір біз халықаралық тәжірибе бойынша жобалау үшін 8 жобаны тәжірибе жүзінде ұсындық. Бұлар аса ірі жобалар, сондықтан олар біздің халықаралық ойыншыларға қызықты болады деп ойлаймыз», - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Аймақ басшысы бұл жұмыстарды соңына дейін жеткізуді тапсырды.

«Инвестор біздің жерге енген сәттен бастап қамқорлықты сезінуі керек. Бастамаларын дұрыс, енді нақты нәтижелер қажет. Ең бастысы - инвесторлармен қарым-қатынасты тек облыстық құрылымдармен ғана емес, сондай-ақ аудандық және қалалық әкімдіктермен де дамыту керек. Себебі жер телімдерін рәсімдеу және инфрақұрылымды қамтамасыз ету жұмыстары сол жерлерде шешіледі», -  деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар облыс әкімі республикалық мекемелермен байланысты арттыруды, және де елшіліктердегі инвестициялық кеңесшілермен қарым-қатынастарды дамытуды тапсырды.

«Алда үлкен жұмыстар тұр. Инвесторлар мен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша тәртіпті қабылдап, ұсынылған барлық ұсыныстарды іске асыру қажет», - деп түйіндеді өз сөзін Ерлан Қошанов.

 

 


Back to the list