15.09.2017
Амангелді (2,1 есе), Таран (87,5%-ға) аудандарында, Қостанай қаласында (36,2%-ға), Жітіқара (30,9%-ға), Мендіқара (26,4%-ға), Денисов (17,2%-ға) және Ұзынкөл (16,5%-ға) аудандарында инвестициялық салымдар көлемінің едәуір өсімі байқалады.
Инвестициялық ресурстардың ең үлкен көлемі Рудный қ.ә. және Қостанай қ. (27,6%-ға және 26,5%-ға негізгі капиталға салынған инвестициялар жалпы көлемінен) ігерілді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көбіне кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылады, олардың инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 70,9% құрды.
Инвесторларға өнеркәсіп (негізгі капиталға салынған инвестициялар жалпы көлемінен 50%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (20,1%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (14,1%), көлік және қоймалау (8,6%) сияқты салалар тартымды болып табылады.