• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Екібастұзда голландиялық раушанды өсіретін жылыжай кеңейтіледі 19.08.2017

«Қазіргі таңда бұл кәсіпорын кеңеюде. Ағымдағы жылы қызанақ өсіретін 5 га алқап іске қосылады. Болашақта жылыжай аумағын 35 га дейін жеткізу жоспарлануда», -деді спикер.

О.Жүзденбаев атап өткендей, бұл жылыжайдың артықшылығы ол Екібастұз ГРЭС-тің жанында орналасқа – яғни, жылу мен электр тоғы қол астында деуге болады.

Спикер Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан тағы бір инвестициялық жоба туралы айтып берді.

«Бүгінде «Галицкое»ЖШС екі жел қондырғысын алумен айналысуда. Әрқайсысының қуаттылығы 1 Мвт болатын қос жел қондырғысы Германиядан әкелінеді. Бүгінде барлық жобалық жұмыстар аяқталған, іргетасы қаланып қойылды. Айдың соңына дейін тапсырысымыз келіп, оны орнататын боламыз деген ойдамыз», - деп атап өтті О. Жүзденбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 19-23 тамыз аралығында Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді.


Back to the list