• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысында  тәулік бойы жұмыс істейтін  курорт ашылады 25.07.2017

Компания  Щучье-Бурабай  курортының солтүстік  аймағын дамытуды  қарастырып жатыр, оның мақсаты  әлемдік деңгейдегі тәулік бойы жұмыс істейтін курорт ашу.

Жобаны жүзеге асыру үшін  233 га болатын жер учаскесі таңдалып алынды, ол «Бурабай» Ұлттық  паркінің  батыс бөлігінде орналасқан.

Аталмыш учаскенің басымдылығы ол жергілікті жерден  3 шақырым қашықтықта орналасқан.  Сондай-ақ, жағажай аймағының  ландшафты  туристік кластерді дамытуға қолайлы.

Қазіргі таңда инженерлік желі мен автожолдардың  құрылысы бойынша инвестициялық жоба әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, THR International Tourism Consultants компаниясы  1985 жылы Испанияда құрылды. 1000-нан астам жобалар Испания  мен  Кариб, Солтүстік Америка, Еуропа, Солтүстік Африка, Оңтүстік Америка елдерінде  әзірленді.


Back to the list