19.07.2017
Қазақстан елордасында негізгі капиталға инвестицияның құйылу артуда, деп хабарлады қалалық әкімдік.
«Алты айдың ішінде 358,6 млрд теңге тартылды, өсім 11,3 пайызды құрады. Елорданың үлесіне елдің 10,9 пайыз инвестициясы тиесілі. Инвестиция салудың негізгі көздері: субъектілердің өзіндік қаражаты – 68 пайыз, бюджеттік қаражат-22 пайыз», - деп хабарлады әкімдік.
Астанадағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі қаңтар-маусымда 255,9 млрд теңгені құрады, оның өсімі 4,3 пайызды құрап отыр.
Металлургиялық өнеркәсіпте, машина жасау мен сусындарды шығару салаларында өсім байқалып отыр.
Сондай-ақ, жалпы өңірлік өнім көлемі бірінші тоқсанда 1 173,5 млрд теңгені құрады, өсім 11,2 пайызға тең.