• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанды үлкен жобалар күтіп тұр – Kazakh Invest 14.06.2017

«Өздеріңіз білетіндей АҚШ Қазақстанға инвестиция тарту үшін басымдық берілген мемлекеттердің бірі болып табылады. Форумда ұсынылған компанияның химия, фармацевтика, инрфақұрылым салаларында жоспарлары үлкен. Бүгінде олар тәжірибелік деңгейге көшуге дайын, осы ретте Kazakh Invest деңгейінде біз жобалық топтар, осы таптармен жұмыс істейтін топтарды ұйымдастырудамыз. Олар осы жобаларды Қазақстанда жүзеге асыратын болады. Мәселе ірі жобалар мен ірі компаниялар тұрғысында және де біздің мақсатымыз оларды жүзеге асыру. Себебі табысты жобаларсыз өзге инвесторларды Қазақстанға тарту өте қиын болады», - деді М. Қабашев.

Сонымен қатар, ол хабарлағандай, кедендік ақпаратты жинастыру, өңдеуді орталықтандыру,  мұнай химия жобалары бар және олар қарастырылу барысында. Жалпы, жақын күндері аталмыш жобалар  туралы жан-жақты мәлімет берілетін болады.

«Қазақстанға өткен жылы тартылған жалпы инвестиция көлемі шамамен  21 млрд долларды құраса, оның ішінде америкалық инвестиия 4 орынға ие болды. Негізі ЖІӨ жалпы көлеміне тікелей шетелдік инвестиция қатынасының көрсеткіші бар, мақсат осыған жету. Яғни, еліміздің ЖІӨ-нің шамамен 10% тікелей шетелдік инвестиция болуы керек», - деп түйді М. Қабашев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында қазақстандық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар өкілдері мен екі елдің бизнес өкілдерінің қатысуымен алғаш рет  Қазақстан-Америка бизнес-форумы өтуде.  Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан экономикасының басым секторлары: машина жасау, денсаулық сақтау, құрылыс және ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларына американдық компанияларды тарту, мұнда АҚШ тәжірибесі біздің кәсіпкерлер мен өндірушілеріміз үшін аса пайдалы болады.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list