• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕҚҚДБ  Қазақстанның күн электр станциясына инвестиция құюда 12.06.2017

ЕҚҚДБ  Қазақстандағы «Бурное Солар-2»  екінші күн электрстанциясына инвестиция құяды.

«Бурное Солар-1» және   «Бурное Солар-2» күн электр станциялары бірігіп Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы ең ірі күн генерациясы нысандарының бірі болып табылады», - делінген хабарламада.

Атап өтер болсақ, бұл инвестицияға еліміздің оңтүстігіндегі Жамбыл облысында «Бурное Солар-1» құрылысы түрткі болды – ол өз кезегінде Қазақстандағы масштабты бірінші жаңартылған энергия көзі нысаны ретінде марапатталған. Аталмыш нысан жаңа заңнама қабылданғаннан кейін салынды және жеке инвестициялардың аталмыш секторға тартылуына түрткі болды.

«Бурное Солар-2» нысанының қаржыландыру көлемі 200 млн долл құрады, ол КЭС құрылысының екінші кезегі. Айта кетерлік жайт, «Бурное Солар-1 және 2» КЭС бірлесіп ауаға көмір қышқыл газының бөлінуін жылына 150 мың тоннаға дейін азайтады.

Аталмыш жоба бойынша келісімге қол қоюға бірнеше күн қалғанда ЕҚҚДМ директорлар кеңесі Мысырда қаржыландыру көлемі 500 млн долл болатын күн энергетикасын қаржыландыру бағдарламасын бекітті. Осылайша ЕҚҚДБ жаңартылған энергия көздерін қаржыландыру банк операцияларының арасында көш бастап тұр.

 «Бурное Солар-2» жобасын бірінші кезекті қаржыландырған  инвесторлар салады. Дәлірек айтатын болсақ, «Самұрық Қазына Юнайтед Грин Энерджи Лтд».  

Сонымен қатар, ЕҚҚДБ 44,5 млн долл көлемінде 15 жылға дейін несие береді. 


Back to the list