• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ирандық инвесторлар БҚО-да жаңа зауытты іске қоспақ 16.05.2017

Батыс Қазақстан облысында «QazChem» Қазақстан-Иран-Канада бірлескен кәсіпорны құрылады. Зауыт жуық арада мұнай-газ компанияларын Қазақстанда шығарылған жоғары сапалы химиялық өніммен қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы жаңа компания басшылығының облыс әкімі Алтай Көлгіновпен кездесуінде белгілі болды.

«Жаңа кәсіпорынның ашылуы облыс әкімдігінің инвестицияларды тарту бойынша жүргізген үлкен жұмысы нәтижесінде мүмкін болды: 2016 жылғы тамызда БҚО делегациясы инвесторлармен осы мәселені талқылау үшін Иран Ислам Республикасында болып қайтты», - деп атап өтілді әкімдікте.

Қазақстандық, ирандық және канадалық әріптестер бірлескен кәсіпорын құру үшін барлық қажетті құжаттарға қол қойып, өндірістік объектілерді салуға кірісті.

Өнімді шығару ең заманауи жабдықта жүзеге асырылады. Инвесторлар өндірістің экологиялық тасталымдарсыз, қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы тиіс екенін ескеретінін айтты. Өндірісті жобалау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қауіпсіз орналасу нормалары сақталған.

Қазақстанда мұнай кәсіпшілігі химиясын шығару мұнай-газ компанияларының осы өнімге сұранысын едәуір қанағаттандырады. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуының арқасында 50-ден астам жұмыс орны ашылады. Зауыт шығаратын өнім Қазақстандағы химиялық өнім қажеттігін қанағаттандырады деп күтілуде. 


Back to the list