• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстау облысын дамыту үшін халықаралық қаржы институттарының инвестициялары тартылады 16.05.2017

Кездесудің негізгі мақсаты – туризм, әлеуметтік сала, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, қалдықтарды басқару, әлеуметтік фермерлік, энергияны үнемдеу және жаңғырмалы энергия көздерін келешекте дамытудың негізгі бағыттарын,инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қаржы институттарын тарту мәселелерін талқылау. Бұдан басқа, дөңгелек үстел шеңберінде Маңғыстау облысының өндірістік алаңдарына бару ұйымдастырылды. Онда қонақтар аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныса алды.

«Бүгін - Халықаралық  климатты қорғау күні, біз - «itistimetochange» ,- дегіміз келеді. Өзгерістер бізді барлығында күтіп тұр: бірінші –инвестициялық климаттың өзгерісі. Бұл инвесторлармен жұмыста көрініс  табады. Екінші – бұл инвестициялық климаттың басымдылықтарындағы үшінші жаңғырту бағдарламасына сәйкес келетін өзгерістер. Маңғыстау облысы тұрақты дамуға бағыт алды»,- деді «Қазақстан – 2050» қоғамдық қозғалыс кеңесінің мүшесі Айдар Махамбет. 

Аймақтың инвестициялық саясатының басты міндеті  капиталдық салымдарды қаржыландыруға бюджеттен тыс қаржы көздерін кеңейтуге қолайлы орта қалыптастыру және жеке отандық, шетел инвестицияларын тарттыру, сонымен қатар тиімді инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау болып табылады.

Өңдеуші секторды, экспорттық әлеуетті  дамытуға және аймаққа инвестицияларды кеңінен тартуға ерекше көңіл бөлу көзделуде.

Ол үшін барлық құралдар бар. Мәселен,  «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына бірқатар артықшылықтар мен жеңілдіктер қарастырылған. Ағымдағы жылдан бастап, қажет инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген Индустриалдық аймақ құрылды. Жалпы сомасы шамамен 500 млрд. теңгені құрайтын индустриалды аймақтың Картасы жобалары және «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары жүзеге асырылуда. Осыған қажет барлық инфрақұрылымдар бар.

Аймақты дамытудың басым бағыттары транспорттық-логистикалық сала, сумен қамту, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және теңіз операцияларына мұнай қызметін көрсету болып табылады.

Сонымен, облыста сумен қамту мәселесі ерекше көңіл бөлуді және шұғыл шешім табуды қажет етеді. Жыл сайынғы халықтың өсімі (шамамен жылына 20 мың адам, яғни 4 %), индустриалдық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың белсенді жүзеге асырылуыжылдан жылға тапшылықтың ұлғаюына алып келуде және болжамдық есептеулер бойынша, аймақтың даму қарқынын ескере отырып, 2020 жылға дейін тәулігіне ол 70 мың кубқа жетеді. Су тапшылығын жабу шараларының бірі тұщы суды өндіру көлемін ұлғайту болып табылады. Теңіз суын тұшыту бойынша шетелдік инвесторлардың нақты ұсыныстары мен жобаларының мерзімдері қазірдің өзінде бар. 


Back to the list