• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО-ның негізгі капиталына 3 айда инвестиция көлемі 49,2 млрд теңгені құрады 02.05.2017

Нақты көлем индексі 2016 жылғы тиісті кезеңге 72,6% құрады.

Инвестициялардың технологиялық құрылымының 45,8% ғимараттар мен имараттардың құрылысы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар, 30% - машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, 24,2% - басқа күрделі жұмыстар мен шығындар құрады.

2017 жылдың алғашқы үш айында инвестициялық салымдардың 72,2% өнеркәсіпке, 17,3%-жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 3,8% - көтерме және бөлшек сауда бағытталды.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның қомақты көлемі Бөрлі (22,8 млрд.теңге), Зеленов (12,5 млрд.теңге) аудандарында және Орал қаласында (12,4 млрд.теңге) байқалады.


Back to the list