• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда нейрооңалту орталығы ашылды 06.04.2017

Мұнда жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын адамдар емделеді. Инсульт алған науқастар оңалту курсынан өтеді. Орталық жабдықталуы мен терапевтік процедуралар жағынан еліміздегі осындай жалғыз мекеме. Омыртқаны су астында созатын аппарат тек осында ғана бар.

Орталық базасында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің неврология және реабилитация кафедрасы жұмыс істейді. Ғылыми дәрежесі бар жоғары білікті мамандар консультация беріп, ем жасайды. Штатта уқалаушы, ЕДШ нұсқаушысы, логопед бар.Пациенттер мемлекеттік тапсырыс бойынша оңалту курсынан тегін өтеді. 

«Біздің қызметтерімізге сұраныс көп. Қабылдауды ақпан айында бастадық, қазіргі кезде мамыр айына дейін кезек жазылып қойды», - дейді орталықтың бас дәрігері Руслан Беляев. 

Орталықта шамамен 50 миллион теңге көлемінде мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Бұл 340 науқасқа тегін емделуге мүмкіндік береді. Бір адам үшін 100 мың теңге жұмсалады.

Облыс әкімі мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуды тапсырды.

«Бұл орталық қажет. Ол адамдарға көмектеседі, жағдайы да жақсы», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Аталған жобалар қатарында – балалар реабилитация оорталығы, аллергология орталығы, отбасылық денсаулық орталығы. Қала орталығының тұрғындарына арналған емхана ашуға дайын инвестор да табылды. 


Back to the list