06.04.2017
Құрылысы 2016 жылы басталған мемлекеттік жеке меншік серіктестіктің оқушылар сарайы, неке сарайы, жастар сарайы, жекпе-жек сарайы, өлкетану мұражайының ғимараты секілді ірі нысандарының құрылысы аяқталуға жақын. Хоккей модулін іс жүзінде салынып бітті деуге болады, тек құрал-жабдықтарын қондыру ғана қалды.
Еске сала кетейік, 2016 жылы Ақтөбе облысында мемлекеттік-жеке серіктестіктің бес жобасын жүзеге асыру аяқталды. Соның ішінде психоневрологиялық ауруға шалдыққан балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен аналар мен балаларға арналған дағдарыс орталығы ашылды.
2017 жылы өңірде 38 МЖС жобасының 27-сін жүзеге асыру аяқталады. 2016-2018 жылдардағы кезеңдерде жүзеге асырылған және жоспарланған МЖС жобаларының жалпы құны – 28 млрд. теңгені құрайды.