03.04.2017
«Қазақстандық кәсіпкерлердің қытай нарығына және қытайлық сауда-саттық компанияларының бізге деген қызығушылығы орасан зор. Бүгінде ҚХР елімізден жыл сайын 117 млрд долл. азық-түлік өнімдерін және 1 млрд долл. ет өнімдерін сатып алады. Бұл ел кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндіктердің бетін ашады», - деді Н.Әлтаев
«Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары хабарлағандай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың Бейжіңге сапары барысында аталмыш мәселе бойынша бірқатар шаралар өткізілді. Оған 86 ірі сауда-саттық және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты.
«Біз аталмыш 86 компанияның әрбірімен қазақстандық компаниялардың байланыс орнатуына және экспорт пен импортты жақсарту бойынша жоспар жасақтау туралы уағдаластық», - деді Әлтаев.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР АШМ Бейжіңде қытайлық кәсіпкерлермен кездесулер өткізді. Бүгінде ветеринарлық санитария мен фитосанитариялық шаралар, қазақстандық ауылшаруашылығы өнімдерін сертификаттау және тіркеу мәселелері бойынша келіссөздер қарқынды жүргізілуде.
ҚР АШМ Бейжіңдегі қытай кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Қазіргі таңда санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Қайрат Жандыбаев