• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Омбы облысының губернаторы «Павлодар» АЭА әлеуетіне баға берді 16.03.2017

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов  пен Омбы облысының  әкімі Виктор Назаров  «Назарбаев зияткерлік мектебі», Павлодар мұнай-химия зауыты, «Нефтехим LTD» ЖШС, полипропилен  өнімдерін шығаратын зауыт, «Казэнергокабель» кабель өндіретін зауыт жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақта  бес кәсіпорын бар. Тағы алты жоба жүзеге асырылуда.  Виктор Назаров АЭА мүмкіндігін  бағалап, осы сынды арнайы экономикалық аймақтар  инвестиция тартудың жақсы мүмкіндігі екенін айтты.

«Бизнеске аталмыш аймақта жұмыс істеп, өз өнімін Ресейге шығарған қолайлы. Сондай-ақ, логистика  саласына келетін болсақ, павлодардан Омбыға дейін 400 шақырымды ғана құрайды», - деді ол.

 


Back to the list