• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша өңірлік хаб  атануы мүмкін 14.03.2017

«Исламдық қаржыландыру – шынайы экономика. Қазақстанның экономикасы Орталық  Азия елдері ішінен ілгерілей түсті, сондықтан Қазақстан  исламдық қаржыландыруды дамытудың платформасына айналады.  Астана – феномен,  бұл жерде әлемнің үздік тәжірибелері қолданылуда. Қазақстанда экономиканы дамытудың барлық мүмкіндігі бар», - деді М.Халид.

Ол айтып өткендей, исламдық қаржыландырудың  дәстүрліден айырмашылығы  қарыздың болмауы.

«Исламдық қаржыландырудың дәстүрліден айырмашылығы – қарыздың болмауы.  2008 жылғы тәжірибе көрсеткендей,  үлкен қарыз қаржылық құлдырауға әкеледі. Исламдық қаржыландыруда  тек шынайы активтер ғана бар.  Біздіңше,  осы сынды институттардың болашағы зор. Қазақстан исламдық қаржыландыруда өңірлік хаб болуын қалап отырмыз. Ол үшін біздің институт    желтоқсанда қол жеткізілген  ынтымақтастық меморандумы аясында тәжірибемен бөлісуге әзір», - деді ол.

Астанада IFN СНГ 2017 форумы өтуде, шараны АХҚО  REDmoney Group-пен бірігіп ұйымдастырды.  Шара аясында  төрт меморандумға қол қойылды.

Д.Жиенқұлов

Фото: автордыкі 


Back to the list