• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан ТМД елдерінде исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша  көшбасшы атануы мүмкін 14.03.2017

«Астана  ТМД елдерінің  нарығы  аясында  исламдық қаржыландыруды талқылау алаңына айналды. Жетекші  сарапшылардың айтуынша, исламдық қаржыландыру аясында Қазақстан ірі жетістіктерге қол жеткізді, десек те исламдық қаржыландыру жүйесін дамыту, ислам банкингі  жүйесі белсенді талқылануда. Бүгін біздің шараға  Орталық Азия мен Ресей елдерінің өкілдері қатысып жатыр. Біз Астананы исламдық қаржыландырудың жетекші платформасы  ретінде таныстырғымыз келеді. Исламдық қаржыландыру  «Астана» халықаралық қаржы  орталығы басымдықтарының бірі», - деді Қ.Келімбетов.

АХҚО басшысы хабарлағандай, исламдық қаржыландыру – бұл  Ұлыбритания, Гонконг, Жапония сынды елдерден исламдық инвестицияны тарту мүмкіндігі. Қазақстан бұл мүмкіндікті елге инвестиция тартуда қолданылады.

«Исламдық қаржыландыру – 2 трлн доллар, қазір көптеген елдер исламдық қаржыландыруға қызығушылық танытып отыр. Егер осыған дейінгі  30 жыл – дәстүрлі ислам елдері болса, бүгінде исламдық қаржыландыру  мүмкіндігіне  көптеген елдер жүгінуде. Исламдық қаржыландыру Ұлыбритания, Люксембург, Гонконг елдерінде кеңінен тараған. Сондықтан, Қазақстан  аталмыш қаржыландыруды  басымдық ретінде қарастырып отыр», - деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, исламдық қаржыландыру – арнайы заңнама, ол өте жоғары этикалық ұстанымға ие, олар шариғаттың кейбір ережелеріне сай келеді.

«Қазір үлкен пікірталас та туып жатыр, қаржылық құралдар көптеген елдерде ислам қаржыландыруына сәйкес жүргізіліп жатыр», - деді Қ.Келімбетов.

Айта кетейік, Астанада IFN СНГ 2017 форумы өтуде, шараны АХҚО  REDmoney Group-пен бірігіп ұйымдастырды.  Шара аясында  төрт меморандумға қол қойылды. 

Қайрат Жандыбаев 


Back to the list