27.02.2017
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір бөлігін кәсіпорындардың меншікті қаражаты (81,7%) алады. Есепті кезеңде инвестициялардың жалпы көлемінде бюджеттік қаражаттың үлесі 1,5%, банктердің кредиттері – 4,6%, басқа да қарыз қаражаты – 12,2% құрады.
Шығын түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен машиналар, жабдықтар, көлік, құрал-саймандарды сатып алу және құрделі жөндеуге 51,6% келеді, ғимараттар мен имараттарды салу және құрделі жөндеу жұмыстарына – 41,3%, өзге де шығындарға – 7,1%.
Инвестициялардың ең үлкен көлемі өнеркәсіпке (үлесі инвестициялардың жалпы көлемінде 27,8% құрады), ауыл, орман және балық шаруашылығына (24,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (23,5%) бағытталды.
2017 жылғы қаңтарда облыс бойынша негізгі капиталға салынған ішкі инвестициялар 6313,7 млн. теңге, сыртқы – 728,7 млн. теңгені құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көбеюі 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда облыстың тоғыз аудандарында, Көкшетау және Степногор қ.ә. белгіленді. Елеулі өсуі Шортанды (27,1 есе) және Ақкөл (8,3 есе) аудандарында байқалды.