22.02.2017
Өткен жылы ШҚО-да 300 білім беру және денсаулық сақтау нысаны жөнделді. 340 мың шаршы метр тұрғын үй мен 389 км жол жөнделді.
«Шығыс Қазақстан облысы 2016 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуды оңтайлы аяқтады. Бұған фактілер дәлел. Жалпы өңірлік өнім 2016 жылы 2,6 трлн теңгеге бағаланып отыр, физикалық индекс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 104 пайызды құрады. Облыстық барлық бюджетіне 340 млрд теңге аударылды, ол 2015 жылмен салыстырғанда 42,1 пайызды құрады. Орташа айлық жалақы 15 пайызға өсіп, 119 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, 17 мың жұмыс орны құрылды», - деді Д.Ахметов.
Д.Ахметов 2017 жылға арналған жол инфрақұрылымының дамуы туралы айтып өтті.
«Басты мақсат әрбір шығысқазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсарту. 2017 жылдың әрбір міндеті Елбасының «Үшінші жаңғыру» Жолдауы аясында жүзеге асырылады», - деді аймақ басшысы.