• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы облысында ТҰК  жобалары бойынша  112 млрд теңге тартылады 22.02.2017

Баяндамада айтылғанындай, 2 халықаралық инвестициялық форум өткізілген, соның нәтижесінде жалпы сомасы 983 млрд. теңге болатын 39 жобаны жүзеге асыруға келісімшарттарға қол қойылды.

«Мемлекет қолдауымен инвестиция тартуға жасалған қолайлы жағдайлар облысқа отандық және шетелдік әлеуетті инветорларды, оның ішінде бірқатар трансұлттық компанияларды тартуға мүмкіндік берді»,  - деп атап өтті А.Баталов.

Атап айтқанда, ирандық «Империя Фуд» компаниясы жылына 8 мың тонна ірі қара етін өңдейтін зауыттың құрылысын аяқтайды, «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы тәулігіне 90 тонна өнім шығаратын макарон өнімдерінің зауытын салуда. Сол сияқты ресейлік «Лукойл» компаниясы, голландиялық «Фарм фритс» және германиялық «Бауманн» компаниялары да облыс аумағында өз жобаларын жүзеге асырмақшы.

Бұл жобалар бойынша қосымша 112 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылатын болады.


Back to the list