11.02.2017
Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда өңір басшысы Даниал Ахметовтің есебі тыңдалды. Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндап, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың аясында биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
2016 жылы өңірлік жалпы өнім 14%-ға өсіп, 2,6 трлн. Теңгеден асқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 41%-ға өскен. Астықтың мол шығуы мен мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі есебінен ауыл шарауашылығының жалпы өнімінің көлемі 11%-ға артқан. Негізгі капиталға инвестиция 6%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 44%-ға өскен. Мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың аясында жаңа 17 мың жұмыс орындары ашылған. 340 мың шаршы метр тұрғын үй мен 10 әлеуметтік нысан салынып, қолданысқа берілген.