08.02.2017
Айта кетерлігі, 2016 жылы 22 желтоқсанда Иран Ислам Республикасының президенті Х. Руханидің Қазақстанға сапары барысында «KTZ Express» АҚ мен Иранның IRISL компаниясы арасында бірлескен кәсіпорын құруы жөніндегі құрылтайшылық келісімге қол қойылған болатын.
Бірлескен кәсіпорынды 2017 жылғы наурызда іске қосу жоспарланып отыр. Бастапқы кезде көліктік-логистикалық қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, Бендер-Аббас портында бірлескен терминал құрылысы биылғы жылдың төртінші тоқсанында басталмақ, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ.
Қолайлы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Иран мен Қазақстан арасындағы көліктік- логистикалық қызмет тиімділігін көтеріп қана қоймайды, ТМД елдері, Каспий теңізі порттарының және басқа да маңызды бағдарлардың бірге дамуына ықпал етеді. Бендер- Аббас портында инфрақұрылым жасақтау Парсы шығанағы елдері мен Индия және Африка порттарына жол ашады.
Болашақта Инчебурун станциясы мен Ақтау портында терминальдық әлеуетін дамыта түсу көзделіп отыр.