• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен БАӘ елдегі   инфрақұрылым жобаларын бірлесіп қаржыландырады 16.01.2017

Ерболат Досаевтың топтың бас жетекшісінің орынбасары және қордың дамушы секторы жөніндегі бас жетекшісі Валид Аль Мокарраб Аль Мухаиримен кездесуі барысында  «Mubadala Development Company PJSC» ұлттық әл-ауқат қорымен серіктестік туралы мәселе талқыланды, деп хабарлады Холдингтің баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстан Республикасы аумағында және басқа басымды нарықтарда «Бәйтерек» холдингісінің құрылған «Kazakhstan Infrastructure Fund C.V.» қоры «Kazyna Capital Management» АҚ еншілес ұйымы арқылы да, басқа тетіктерді пайдаланумен де инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды бірлесіп қаржыландыруды көздейтін бірлесіп инвестициялау туралы келісімге қол қойды. 

«Бірлескен бастамамыз – инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды іске асыруды одан әрі дамыту мақсатында біз өзара инвестициялық платформа құруды жоспарлаудамыз», - деді Ерболат Досаев.

Ерболат Досаев «Mubadala» қорының дамушы нарықтардағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша бай тәжірибесі және «Бәйтерек» холдингі компаниясы тобының отандық экономиканы әртараптандыру бойынша белсенді қызметі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі ұзақ мерзімді дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.

 


Back to the list