16.01.2017
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ 2016 жылды қорытындылай келе, 173 млн АҚШ доллары сомасына және 900 жаңа жұмыс орындарын аша отырып, Қазақстанда өндірістің жаңа түрлерін игеруге және қолданыстағы өндірістік қуаттылықтарды кеңейтуге өз капиталының белгілі бір бөлігін қайта инвестициялаған 12 шетелдік компанияны атап өтті.
Жұмыс істеп жүрген шетелдік инвесторлардың тізімін «GALAKSI GROUP» бірлесіп, Алматы облысында металл қорытпалары мен алюминийден терезе және есік құралдарын шығаратын зауытты іске қосқан «AKPEN PLASTIK» түрік компаниясы ашады. Осы өнімді тұтынудың қазақстандық нарығы жылына 3 мың тоннадан астам дайын бұйымға бағаланады.
Премиум класына жататын лак-бояу материалдары бөлігіндегі қазақстандық нарық көшбасшысы «Tikkurila» фин компаниясы өз қуаттылығын ұлғайтып, Қазақстанда өндірілетін өнім спектрін кеңейтті. Кәсіпорын ең жаңа жабдықтың, қалдықсыз өндірістің және экологиялылықтың арқасында бірегей болып табылады. Қазіргі уақытта компанияның жақсы дамыған дистрибуция жүйесі бар. Қайта инвестициялау сомасы 500 мың долларды құрады.
Тағы бір түрік инвесторы, «Keruen Plus» полипропилен құбырлар шығаратын компания өндірілетін бұйымдардың өндірістік қуаттылығын ұлғайтуға қайта инвестициялау жүргізді. Өндірістік қуаттылығы жылына 9 мыңнан 10 мың тонна өнімге дейін артқан. Қайта инвестициялау сомасы 1 млн АҚШ долларын құрады.
«Польфарма» Қазақстанда бұрыннан бері және сәтті жұмыс істеп келеді, сондай-ақ ол Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында дәрілік препараттар мен белсенді фармацевтикалық заттарды өндірушілер арасында көшбасшы болып табылады.
«Coca Cola» сусынын өндіруші «Icecek» түрік компаниясы биылғы жылы «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында Астанадағы алкогольсіз сусындар өндірісін іске қосты. Жаңа зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 100 млн литрді құрайды, салынған қайта инвестицияланған капитал 80 млн долларды құрады.
«Ипек Кагыт Централ Азия» түрік компаниясы Астанада гигиеналық қағаз өнімін шығаратын жаңа зауыт ашты. Зауыттың ашылуы қазақстандық нарықта ірі инвестор қызметінің 10 жылдығына орайластырылған. Қосымша салымдардың сомасы – 30 жаңа жұмыс орнының ашылуымен 14 млн доллар.
«BASF» әлемдегі ең ірі химиялық концерн 2016 жылы өз қаражатын «Master Builders Solutions» – «MasterFlow», «MasterBrace», «MasterProtect», «MasterTop» ағымдағы желісін кеңейте отырып, Астанадағы қолданыстағы зауытта эпоксидті өндірісті іске қосуға қайта инвестициялады. Қазақстандық құрылыс компаниялары үшін Қазақстанда өндірілетін «BASF» өнімі импортты алмастыруға және еуропалық сападағы материалдарды жергілікті баға бойынша алуға жақсы мүмкіндік болып табылады.
Өскемен ЖЭО-да 29 қарашада құны 53 млн доллардан астам №12 жаңа құбыр агрегатын іске қосу шарасы өтті. Жаңа құбыр агрегатының құрылысы энергетикалық секторда ең ірі инвестициялық жобалардың бірі және ЖЭО ірі ауқымды жаңғыртуда маңызды қадам болып табылады.
«Cokey Systems Corporation» жапониялық компаниясы өткен жылы Жамбыл облысында мия тамырын өңдеу өндірісін және глицирризин қышқылы өндірісін іске қосты. Енді зауыт ішкі және сыртқы нарықтарда глицирризин қышқылына сұранысты қамтамасыз ете отырып, жылына 300 тоннаға дейін мия тамырын өңдейтін болады. Қайта инвестициялау құны 3,2 млн долларды құрайды.
Қолданыстағы инвестор «Danone» француз компаниясы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін табиғи йогурт өндірісін игерді. Өндірістік қуаттылықтың ұлғаюы жылына 12 мың тоннаға дейін сүт өнімін құрады.
2016 жылғы 6 желтоқсанда Индустрияландыру күні аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда «Selena Group» польшалық инвестордың жаңа жобасын іске қосты.
Қайта инвестицияланған жобалардың келтірілген тізбесі Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлардың қосымша (қайталама) капитал салуы саласында көзделген оң үрдісті көрсетеді.
«Бүгінгі күні нарықта инвесторларды тарту бойынша жұмысты жалғастыру және қолданыстағы нарық субъектілерімен өндірістің жаңа технологияларын дамыту маңызды. Осы мақсатпен KAZNEX INVEST 180-ге жуық компанияны қамти отырып, проблемалық мәселелерді анықтау үшін қолданыстағы шетелдік инвесторлармен тұрақты жұмыс жүргізеді», - деді «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Борисбий Жангуразов.
Атап өтейік, бүгінгі таңда әлемдегі инвестициялардың 80%-ы қайта инвестициялау жобалары болып табылады. Өз капиталының мұндай салымдарын инвестициялық климатқа бейімделген және ойын ережелерін жақсы білетін компаниялар жасайды. Алынған кірістердің және бұрын салынған инвестициялардан түскен пайданың есебінен капитал салымы арқылы өндірісті кеңейту транзиттік экономикасы бар елдер үшін маңызды рөл атқарады. Инвесторлардың өз капиталын қайта немесе қосымша салуы елдің экономикалық әл-ауқатының тұрақты дамуы мен өсуін көрсетеді.
Қайрат Жандыбаев