• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда оңтайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшін теңдессіз шаралар жүзеге асырылуда - KAZNEX INVEST 16.01.2017

«Қазіргі таңда KAZNEX INVEST Мемлекет басшысының Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша міндеттеген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс істеуде, нақтылап айтсақ, трансұлттық  компаниялар мен зәкірлі  инвесторларды тарту жөніндегі   55 және  56 қадамдар бойынша жұмыс атқаруда. ҚР Үкіметі жайлы инвестициялық ахуал үшін теңдессіз шаралар жүзеге асыруда», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, KAZNEX INVEST негізгі құралдарының бірі ірі халықаралық кәсіпорындар мен инвестицияны Қапзақстанда жұмыс істеуге тарту болып табылады. Оның ішінде Қытай, АҚШ, Германия, Түркия, БАӘ және Ресей бар. Өкілдердің қызметі аталған елдермен ғана шектелмей, тұтас сол өңір бойынша жұмыс істейді.

Компанияда хабарлағандай, Қазақстанның шикізаттық емес саласына инвестициялаудың қызығушылығы инвесторлармен  өзара жұмыс істеудің  басты шарты болып табылады. Осы мақсаттар үшін KAZNEX INVEST  консалтинг  саласындағы  халықаралық  компаниялардағы  тәжірибеге ие   жоғары дәрежелі кәсіби компанияларды  тартады.

Сондай-ақ, KAZNEX INVEST өз қызметі аясында «Value proposition» инвестиция тарту бойынша жаңа құралды әзірлеу бойынша әлемдік консалтингтік компаниялармен  жұмыс істеуге кірісті.

«Екінші тарапынан экономиканың әрі саласында анықталған инвестициялық тартымдылыққа экономикалық негізделіп отыр. KAZNEX INVEST өңірлік және әлемдік  нарықта бәсекеге қабілетті  салаларда тауарлық позиция мен көрсеткіштерін анықтап отырғанды жөн көреді.

Айта кетейік, KAZNEX INVEST мәліметі бойынша, Дүниежүзілік банк пен Doing Business Халықаралық қаржы корпорациясының   2017 жылғы  халықаралық  рейтінгіне сәйкес Қазақстан бизнесті енгізу жеңілдігі бойынша 35 орынды, «Мониторинг инвесторларды қорғау»  көрсеткіші бойынша 3 орынды, «Келісім шартты орындауды қамтамасыз ету» бойынша  9 орынды алып отыр.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list