• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Батыс Қазақстанның негізгі капиталына 340,2 млрд теңге инвестиция түсті 28.12.2016

Өңірдің статистика департаментінде хабарлағандай, инвестициялардың технологиялық құрылымында 37,7% - ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу бойынша жұмыстар, 34,5% - машиналар, жабдық, құралдар, мүкаммал, 27,8% басқа күрделі жұмыстар мен шығыстар құрады.

2016 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде инвестициялық салымдардың 82%-ы – өнеркәсіпке, 6,1%-ы – жылжымайтын мүлікпен байланысты операцияларға, 5,4%-ы көлік пен қаттауға бағытталған.

Негізгі капиталға инвестициялардың ең көп көлемдері Бөрілі (185,3 млрд теңге), Зеленовский (95,6 млрд теңге) аудандарында және Орал қаласында (42,9 млрд теңге) байқалады.


Back to the list