• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астананың негізгі капиталына негізгі инвестициялар көлемі 1,2% өсті 26.12.2016

Инвестициялар үлесінің ең көп бөлігін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар игерген, бұл олардың жалпы көлемінің 74,5%-ын құрайды.

2016 жылғы қаңтар-қараша аралығында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 712926,8  млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қараша аралығымен салыстырғанда 1,2% жоғары. Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,8% құрады.

Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет қаражаты - 25,9%, кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты - 59,3%, банктердің несиелері - 1,2 %, басқа қарыздар 13,6% құрайды.


Back to the list