• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атырау облысында  2016 жылы инвестиция көлемі  39  пайызға артты 22.12.2016

 

2016 жылғы қаңтар-қарашада инвестицияның өсуі  2015 жылғы сәйкес кезеңмен  салыстырғанда Атырау қаласы және облыстың төрт ауданында байқалды. Өсім Атырау қаласы (29,8%), Құрманғазы (2,8 есе),            Жылыой (51,7%), Исатай (32,7%) және Қызылқоға (22,2%) аудандарында орын алды. Инвестицияның төмендеуі Мақат (56,8%), Индер (48,4%) және Махамбет (33,3%)  аудандарында байқалды.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі қызмет көлемін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар (69,7%) және облыс аумағында қызмет атқаратын басқа да мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері  (28,7%) игерді. Мемлекеттік сектор үлесі  1,6% құрады», - делінген хабарламада.

Мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 81%), көлік және қоймалау (8,6%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (1,4%) басым салалар болып табылады.


Back to the list