14.12.2016
«Біз Қазақстан және Израиль алғашқы зауытының құрылысын күтудеміз, оның экспорты Қытайға бағытталатын болады. Барлық өнім экспортқа бағытталып, ол 10 млн долларға жуық құрайды. Зауыт Алматы облысында салынады. Зауыттың құрылысында израильдік технологиялар, Қазақстанның шикізаты қолданылады, инвестициялар бизнес тараптар арасында бөлінген. Нарық Қытайдан тапсырыс берушілермен 5 жылға қамтамасыз етіліп қойған. Зауыт тамақ өнімдерін шығаратын болады», - деп хабарлады М. Роэ.
Палата төрағасының деректері бойынша, зауыт Қытай Қазақстаннан құс етінің экспорты бойынша шектеулерді алғаннан кейін 10-12 ай өткен соң ашылады.
«Қазір Қытайда вице-министр осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Қытай – күрделі әрі үлкен ел, қытайлық шекаралар ашылған кезде израильдіктер үшін Қазақстанмен жұмыс жасау қызықты болады. Осы меморандум бойынша зауыт құрылысының құны - 5 млн долларды, экспорт жуық шамамен 10 - 15 млн долларды құрайды», - деп қосты М. Роэ.
Сондай-ақ, қазақстандық қой еті мен астықты Израильге шығару бойынша меморандум түзілді. Израиль өз кезегінде Қазақстанның ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар енгізуді жоспарлауда.
Ботагөз Айтжанова