• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Инвесторларға Алматының Индустриялық аймағында өндірісті орналастырудың тиімді шарттары туралы айтылды 02.12.2016

«Индустриялық аймақ» басқарушы компаниясының директоры Әділ Бөрлібаевтың айтуы бойынша, заңды тұлғалар тарапынан қызығушылық бизнесті жүргізудің тиімді шарттарымен және дайындығы 98%-ды құрайтын инфрақұрылымның бірінші кезегі құрылысының толық аяқталуымен түсіндіріледі. Бұл жөнінде Алатау ауданында өткен «Alatau Invest 2016» инвестициялық форумы барысында белгілі болды.

Алатау ауданының Индустриялық аймағына 170 млрд теңгеге 33 жоба енгізілген және 5000 жуық жұмыс орны ашылған. Бүгін 13 жоба жұмыста, оның ішінде «BRBAPK» ЖШС-ның көкөніс өсіру бойынша ең үлкен жылыжай кешені іске қосылған. 2017 жылғы қаңтарда «Almapack Co LTD» қағаз қаптар шығаратын зауытты іске қосуға дайындық жүріп жатыр.

Индустриялық аймақта орналасқан барлық кәсіпорындар импортты алмастыруға бағытталған және экспортқа бағдарланған болып табылады, деп хабарлады Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. 


Back to the list