25.11.2016
Қазіргі кезде 2016-2017 жылдары бұл жобаға 375 миллион теңге құюға әзір инвестор бар. Ол ас тұзын өндіруге қажетті құны 75 миллион теңге тұратын құрал-жабдықтар сатып алуды бастап кетті.
"Жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарт жасау жұмыстары 24 айдың ішінде жүргізілуі тиіс. Алайда, инвестор бұл жұмысты 12 айдың ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Жобаның болашағы бар. 2017 жылы инвестор тұз өндіруді бастайды деп ойлаймын", - деп атап өтті ол.
Болат Бақауов әр тірек ауылда ауыл құрушы кәсіпорын болуы керек екендігін атап өтті.