• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Чехия 11 жыл ішінде Қазақстан экономикасына 182,9 млн доллар инвестиция салды 21.11.2016

«Біз «Prevalent» чехиялық инвестициялық тұғырнамасымен меморандумға қол қойдық, осы қорда салым салуға дайын инвесторлар және инвесторларды іздейтіндер де бар», - деді Б. Жангуразов.

Сондай-ақ, ұлттық агенттік басшысы чехиялық компаниялар энергетикалық секторда, соның ішінде шағын ГЭС және жел электр станциялары үшін турбиналар өндірісінде күшті екенін атап өтті. Б. Жангуразовтың айтуы бойынша, осы салада тараптар арасында келіссөздер жүргізілуде.

Қазақстанда инвестициялар салу үшін анағұрлым тартымды салалар туралы айта келе, ол тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, машина жасау салаларын атап өтті.

2016 жылғы 1 қарашада Қазақстанда чехиялық кәсіпорынның қатысуымен 181 кәсіпорын тіркелгенін атап өту қажет, оның ішінде 106 кәсіпорын жұмыс істейді. Чехиядан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 2005 жылдан бастап 2016 жылдың 1-жартыжылдығына дейін  182,9 млн АҚШ долларын құраған. ҚР-дан Чехияға экспорт 2008-2015 жылдар кезеңінде 559,6 млн АҚШ долларын құраған.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list